Павлодар – Түркістан бағытындағы авиарейс ашылды

Павлодар – Түркістан бағытындағы жаңа авиарейс ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап. 

Павлодар – Түркістан бағытындағы авиарейс ашылды

Павлодардан Түркістанға ұшу аптасына үш рет орындалады.

Жаңа бағыт 21 шілдеде іске қосылып, қызметті "Scat" авиакомпаниясы ұсынады. Екі өңірді қосатын Павлодар – Түркістан тікелей әуе қатынасы әр сәрсенбі, сенбі және жексенбі орындалмақ.

Ұшу 1 сағат 40 минутқа созылады. Бұл бағыттағы билеттің нақты бағасы бекітіліп, 25 мың теңгені құрайды. Билеттерді Павлодар әуе кассаларында, немесе онлайн қызметтер арқылы сатып алуға болады.
 

Источник stan.kz