Ғалымдар жарығы көп қалалардың қоршаған ортаға зияны туралы айтты

alymdar zharyғy kөp қalalardyң қorshaғan ortaғa zijany turaly ajtty ef971f1

Қалалардың жарық шамдарымен, билбордтармен, прожекторлармен және үйлердегі сәулеттік жарықтармен ластануы табиғатқа қауіпті көрінеді. Жасанды жарқыл адамдардың биоритмдеріне кері әсер етіп, жануарлар мен өсімдіктердің бүкіл экожүйелеріне зиянын тигізеді, деп жазады "ВВС". Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалымдар жарығы көп қалалардың қоршаған ортаға зияны туралы айтты

Миссури штатындағы Вашингтон университеті мен АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Дрексель университетінің Жаратылыстану ғылымдары академиясының экологтарының айтуы бойынша америка қалаларында жыл сайын 100 миллионнан бір миллиардқа дейінгі құстар ғимараттарға соғылып өледі екен. Себебі олар жарқын сәулелердің кесірінен әуеде адасып қалады. 

"Үйлер мен кеңсе ғимараттарындағы жарықшамдар шамамен 240 шақырымға таралуы мүмкін аспанның жарқырауын тудырады. Бұл ұлттық немесе мемлекеттің яки жеке қаланың проблемасы емес – бұл әлемдік ауқымдағы мәселе" ,- дейді Дрексель университетінің құс ғылымының кіші кураторы Джейсон Векштейн.

Қаланы жасанды жарықтандыруды теріс пайдалану арқылы адамдар өсімдіктер мен жануарлардың күндізгі және түнгі ырғағына кедергі келтіреді, тамақтану, жұптасу, қоныс аудару және навигацияның табиғи циклдары туралы сигналдарын өзгертеді. Жасанды жарықтандыру балықтарға мелатонинді баяулату арқылы әсер етеді, ал ол болса ұйқы режимінің көбеюін және өсуін басқарады дейді мамандар. 

Жануарлар әлеміне келетін зиянды электр энергиясын қосымша тұтынудан және ғаламдық жылынуды тудыратын көмірқышқыл газының көбеюінен көруімізге болады. Адамның қаладағы көптеген жасанды жарық көздеріне реакциясы – нашар көңіл-күйден, қант диабеті, сүт безі қатерлі ісігі сияқты аурулардың пайда болуында байқалады. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: