Жұлдызай Дүйсенбиева: «Шаншардан» да, «Алдараспаннан» да кеткеніме өкінбеймін

zhұldyzaj dүjsenbieva shanshardan da aldaraspannan da ketkenime өkinbejmin 2b78e62

Жұлдызай Дүйсенбиева өнер жолында сатқындардың көп кездескенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жұлдызай Дүйсенбиева: "Шаншардан" да, "Алдараспаннан" да кеткеніме өкінбеймін

Сатқындық туралы сұрағанда Дүйсенбиева жауап беруге қиналып қалды. Бұл әңгімені қозғағысы келмейтінін, әсіресе, "Шаншар" мен "Алдараспан" туралы сұрақ қоймауды өтінді. 

Әйткенмен Аман Тасыған әңгіменің шетін шығарды. 

"Сатқан адамдардың ешқайсысынан күткен жоқпын. Олардың жанымда жалау боп жүріп, сатып кететіндерін білгенде олармен дос та, әріптес те болмас едім.

Мен оларды еске алмауға тырысамын, өмірімде қалып кеткен адамдар", – деген Жұлдызай кеудесінде "жара" қалып кеткенін жасырмады. 

"Шаншардан" да, "Алдараспаннан" да кеткеніме өкінбеймін. Екеуінен де кетпесем, дәл қазір алдыңда сұхбат беріп отырмас едім", – деп мәлімдеді ол.

Жұлдызай Дүйсенбиева пандемия кезінде баласынан айырылып қалғанын айтты

Жұлдызай Дүйсенбиева: Келін болып түскен 7 жылда ата-енемнің үйін жинаған емеспін

Сұхбат барысында актриса журналист Аман Тасығанның "Қазақтар біріге алады, бірақ бөлісе алмайды" деген пікірімен толықтай келісетінін жеткізді. 

"Дүние ғой сол. Бөлісе алмадық деген сөз қате. Бөлісе алмайтындай олармен санасып, "қалай да осынша бересіңдер" деген жоқпын. Өздерінң берем деген уәдесінде тұрмады. 

Таласқан жоқпын, тек уәде етілген өзімнің еңбекақымды сұрадым. Бар кінәм сол. Бір сөзбен айтқанда, уәдесінде тұрмады", – деп жан сырын ақтарды ол.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: