"Барыс" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц Instagram-да өзінің қазақстандық ғашығы Іңкәрмен бірге түскен суретін жүктеді. Пост астына "жаным" деп жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Канадалық Диц пен қазақ қызының жақын қарым-қатынасы желі оқырмандарының қызу талқысына түсті және таңқалдырды. Көбісі жас жұбайларға бақыт тіледі. Сондай-ақ тағы басқа жағымды пікірлер қалдырды.
"Керемет жұп!!!", "Жақсы жоспар, болашақта Диц тегін ойнай бастайды", "Дәурен жарайсың", — деп жазады желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Диц 2017 жылдан бері "Барыс" сапында ойнап келеді және төрт жылдан бері Нұр-сұлтан қаласында тұрады. 2019 жылы Қазақстан құрамасымен бірге А дивизионында әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды.