30 мыңнан астам Telegram-аккаунттарының жеке деректері тарап кетті

30 myңnan astam telegram akkaunttarynyң zheke derekteri tarap ketti 80d04cc

Желіге қазақстандық қолданушылардың 30 мыңнан астам Tелеграм-аккаунттарының мәліметтері тарады деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік техникалық қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

30 мыңнан астам Telegram-аккаунттарының жеке деректері тарап кетті

"Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты интернеттің қазақстандық сегментіне мониторинг жүргізу кезінде, "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-ның KZ-CERT компьютерлік инциденттеріне жауап беру қызметі "Телеграмм" арналарының бірінде "Телеграмм" қолданушыларының жеке деректерінің 744 мың жазбалары бар файл тапты. Талдау нәтижесінде табылған файлда пайдаланушының идентификаторы, аты, тегі, телефон нөмірі және "өзім туралы" бағанынан пайдаланушының сипаттамасы сияқты жеке деректер бар екендігі анықталды" ,- деп хабарлады KZ-CERT АҚ "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ баспасөз қызметі. 

Атаулы Tелеграмм каналының авторы табылған файлды ТМД-дағы ең үлкен қызмет (1 миллионнан астам пайдаланушы), "Глаз Бога" платформасының клиенттік базасы ретінде сипаттайды. Бұл платформа сұрау салу бойынша пайдаланушылардың жеке мәліметтерін алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желілерден, жедел хабарламалардан, іздеу жүйелерінен және басқа да көздерден алынған ақпарат негіздері.  

Мемлекеттік техникалық қызмет мамандары түсіндіргендей, бұл жеке мәліметтердің шығуы киберқылмыскерлердің ақпаратты әлеуметтік инженерия саласында пайдалану кезінде үлкен тәуекелдерді тудырады, атап айтқанда, жеке және банктік деректерді алу үшін қоңырау шалу және хабарлама жіберу кезінде. 

"Осыған байланысты біз интернеттің қазақстандық сегментінің барлық қолданушыларына кибер гигиенасын сақтаудың маңыздылығы туралы ескертеміз, сонымен қатар интернетке жеке деректеріңізді енгізген кезде қырағылық танытып, жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуді сұраймыз" ,- деді "Мемлекеттік техникалық қызмет" KZ-CERT АҚ-ның баспасөз қызметі. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: