«Артық төлегіміз келмейді»: Серік Сәпиев Олимпиада трансляциясы туралы түсініктеме берді

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстанда Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы келіссөздер туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

"Артық төлегіміз келмейді": Серік Сәпиев Олимпиада трансляциясы туралы түсініктеме берді

Серік Сәпиевтің айтуынша, Олимпиада ойындарын тарату бойынша құқық иеленуші компания Қазақстаннан өте үлкен сома сұраған.

"Көрші республикалар трансляция үшін төлеген соманы білдім, әлдеқайда төмен болды. Мысалы, Қырғызстан ақпараты бойынша, олар бар болғаны 100 мың доллар төлеген. БАҚ-та Өзбекстан 800 мың доллар төлегені туралы ақпаратты көрдім. Бұл бағаларды салыстырамыз. Әрине, Қазақстандағы Олимпиада ойындарының трансляциясы үшін артық төлегіміз келмейді. Сондықтан қазақстандық телеарналарда трансляция болмауы мүмкін деген мәселе туындады. Шешімі әлі белгісіз, келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақында нақты ақпарат береміз", — деді спорт комитетінің басшысы.

Олимпиаданы трансляциялау туралы келіссөздерді "Қазақстан" корпорациясы мен "Хабар" АҚ жүргізген. Бұған "Қазақстан" РТРК өкілдері трансляция лицензиясының бағасын 2016 және 2018 жылдарға қарағанда 123 пайызға артық белгіледі деп мәлімдеген болатын.

  • "Бір ғана алтын бұйырады": Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы негізгі үміткері кім
  • "Төсектер картон қағаздан, ал матрас пластиктен жасалыпты": Қазақстандық спортшылар Токиода қалай тұрып жатыр

Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстанда 27 спорт түрі бойынша 97 лицензия бар.

Источник stan.kz