Қытайдағы нөсер тасқын: жолаушылар метро вагондарында су астында қалды

Қытайдың Хэнань провинциясында бірнеше күннен бері жалғасып келе жатқан нөсер бірнеше қаланың нағыз табиғи апатына айналды. Көшелер, үйлер мен метро судың астында қалған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейбір магистральдар жабық, әуе рейстері кейінге шегеріліп немесе мүлдем кейінге қалдырылған деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі қытайлық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Қытайдағы нөсер тасқын: жолаушылар метро вагондарында су астында қалды

Сейсенбіде қатты су тасқыны салдарынан Чжэнчжоу қаласындағы бүкіл метро жүйесі жабылуға мәжбүр болған. Жолаушылар әлеуметтік желілерде вагон ішінде беліне дейін, кейбірі кеудесіне дейін суға батып тұрған күйдегі бейнежазбаларды жариялады.

Кейінірек құтқарушылар метродан 500-ге жуық адамды құтқара алды. Метродағы оқиға салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, бес адам жарақат алған. Құтқару жұмыстары қазір де жалғасуда. Су астында қалған вагондарда қанша адам болғаны туралы әлі айтылған жоқ.

Қытайда 16 шілдеден бастап 100 мыңнан астам тұрғын қауіпті аймақтардан эвакуацияланды. Кейбір ақпараттарға сәйкес, сейсенбі күні таңертең Денгфенг қаласында болған алюминий қорытпасы зауытындағы жарылысқа су тасқыны себеп болған.

ТАСС-тың хабарлауынша, 20 шілдеде кешке су тасқыны Хэнань провинциясындағы бөгетті жарып өткен.

Аталған аймақта төтенше жағдайдың бірінші деңгейі енгізілді.

Источник stan.kz