Қазандағы мектепте атыс шығарған Галявиев ақыл-есі дұрыс емес деп танылды

azandaғy mektepte atys shyғarғan galjaviev aқyl esi dұrys emes dep tanyldy 0e26ab1

Қазан қаласындағы 175 -мектепте жаппай атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиев сараптама нәтижесі бойынша ақыл-есі дұрыс емес деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазандағы мектепте атыс шығарған Галявиев ақыл-есі дұрыс емес деп танылды

Бұл туралы қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы "Газета ОНК" мәлімдеді. 

"Біздің ақпаратымыз бойынша, В.П.Сербский атындағы мемлекеттік әлеуметтік-сот психиатриясы ғылыми орталығы қазандық атқыш Ильназ Галявиевті ақыл-есі дұрыс емес деп таныды", – деп жариялады қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы "Газета ОНК". 

Айта кетсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев Қазандағы мектеп-гимназиясына қарумен келіп, шабуыл жасаған. Нәтижесінде жеті оқушы мен екі ұстаз көз жұмды. Қазір қаскөй түрмеде, ол өмір бойына бас бостандығына айырылуы мүмкін. Дәрігерлер оның шизофренияға бейім екенін айтқан. 

  • "4" пен "5"-ке оқыған: Қазанда атыс шығарған студент оқыған колледждің ректоры күдікті туралы айтты
  • БАҚ: Қазанда атыс шығарған студент қаруды ойыннан тапқан ақшаға сатып алған

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: