ХОК «антисекс төсектер» дауына түсінік берді

hok antiseks tөsekter dauyna tүsinik berdi 3c207e4

Бірегей кереуеттер картоннан жасалған және екі адамның салмағын немесе кенеттен жасалған қозғалысты көтере алмайды. Пандемиядан әлдеқайда бұрын жасалған төсектер Токиода өтетін ойындарда COVID-ке қарсы жасалған амалдардың бірі емес деп айтады комитеттегілер. 2020 жылдың қаңтарында ашылған Олимпиада қалашығының төсектері ұйымдастырушылардың қалдықтарды азайту және айналмалы экономиканың мүмкіндіктерін көрсету жөніндегі жұмыстарының бір бөлігі болып табылады деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ХОК «антисекс төсектер» дауына түсінік берді

Кереуеттер 200 килограмға дейін көтере алатын беріктігі жоғары картон материалдарынан жасалған. Олар жеңіл және портативті болу үшін оңай бөлшектеледі. 

Токиода алғаш рет спортшы COVID-19 салдарынан жарыстан шеттетілді

"Төсектерді спортшылар Олимпиадада да, Паралимпиадада да пайдаланады және ойындар аяқталғаннан кейін қағазға айналады. Олар спорт мерекесі соңына жеткеннен кейін пластмассадан жасалған бұйымдарға өңделетін модульді полиэтилен талшықты матрацтармен жабдықталған" ,-деп атап өтті ХОК баспасөз қызметінің өкілі.

Бұған дейін Токиодағы Олимпиадалық ауылдың жұмысын атқарушы Такеши Китажима бір қабатты жатын орынның тек бір адамның салмағын көтере алатынын, сондықтан оның үстінде секіруге және "ойнауға" болмайды деп айтқан.

Спортшылар осыдан кейін бұл орындарға әзіл-қалжыңмен "антисекс кереуеттер" деп баға берген.

Естеріңізге сала кетейік, Токиода 12 шілдеде жалпы есеп бойынша төртінші рет төтенше жағдай енгізілген. Ол 22 тамызға дейін, яғни Олимпиаданың бүкіл өтетін мерзіміне дейін (23 шілдеден – 8 тамызға дейін) созылады. Және Паралимпиада ойындарына бір күн қалғанда аяқталады (24 тамыз – 5 қыркүйек). Атаулы Олимпиада ойындары ұсынылған спорт түрлері бойынша ең үлкені болады деп күтілуде – 33 және олардың санаттары бойынша – 339. 19 мыңға жуық спортшылар мен 41 арнайы өкілдер мен делегациялардың қатысу жоспарланған. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: