1 қазаннан бастап дәрігерлерге коронавирус үшін үстемеақы төленбейді

1 қazannan bastap dәrigerlerge koronavirus үshin үstemeaқy tөlenbejdi fd83f62

Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

1 қазаннан бастап дәрігерлерге коронавирус үшін үстемеақы төленбейді

"Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды" – дейді ол. 

Тоғжановтың айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатыр. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленді.

Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.

  • Алматыда жедел-жәрдем қызметкерлері наразылыққа шықты: Үстемақы талап еткен олар басшылықтан қысым көрген
  • Тоқаев дәрігерлердің жалақысына жаңа үстемеақылар енгізу туралы айтты

Маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ковидтік" үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: