ДДҰ-ның басшысы коронавирустық пандемияны тоқтатудың жолын көрсетті

ddҰ nyң basshysy koronavirustyқ pandemijany toқtatudyң zholyn kөrsetti 6856b71

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебресиес коронавирус пандемиясын тоқтатуға және жаһандық экономиканы қайта жолға қоюға көмектесетін әдісті ашты. Бұл туралы ол Токиода өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

ДДҰ-ның басшысы коронавирустық пандемияны тоқтатудың жолын көрсетті

Гебрейесус келесі жылдың ортасына қарай әр елдің тұрғындарының 70 пайызының вакцинация қабылдауы пандемияны жеңуге көмектеседі дейді.
"Халықаралық валюта қорымен, Дүниежүзілік банкпен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен бірлесіп, мен осы жылдың қыркүйегіне дейін әр елдің тұрғындарының кем дегенде 10 пайызын, биылғы жылдың соңына дейін кемінде 40 пайызын және келесі жылдың ортасына дейін 70 пайызын вакцинациялауға шақырдым. Егер біз осы көрсеткіштерге қол жеткізе алсақ, біз пандемияны тоқтатып қана қоймай, әлемдік экономиканы қайта жаңғыртуға мүмкіндік аламыз" -деп атап өтті ол.

Гебрейесустың айтуынша, жаңа коронавирустық пандемия әлем көтеруге қауқары жетпей отырған сынақ. "Адамдардың маған жиі қоятын сұрақтары: пандемия қашан аяқталады? Шынымен де, ковид пен шектеулер біздің алдымызға көптеген сұрақтар қойды. Пандемия – бұл сынақ, ал әлем оны көтере алмайды" -деген ол, болжам бойынша Токиодағы Олимпиада ойындарының аяқталуына қарай 8 тамызда әлемде коронавирустың кесірінен "100 мыңнан астам адам қайтыс болады" деген ойын да қосып өтті.

Бұған дейін Гебрейесус дельта нұсқасынан гөрі қауіпті коронавирустық штамның пайда болуы туралы ескерткен. Вирустың таралуы неғұрлым кең болса, соғұрлым көп нұсқалар пайда болады, олардың қазір үлкен зиян келтіретін дельта нұсқасынан гөрі қауіпті болуы мүмкін дейді ол. 

Сондай-ақ, Гебрейесус бас қосу барысында Токиодағы Олимпиада ойындары коронавирустық пандемия жағдайында қауіпсіз өтеді деген сенім білдірді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: