ДДСҰ коронавирустың әлдеқайда қауіпті штаммы пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді

ddsҰ koronavirustyң әldeқajda қauipti shtammy pajda boluy mүmkin ekenin mәlimdedi b407a12

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебрейесус коронавирустың “дельта” нұсқасынан гөрі қауіпті штаммының пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ДДСҰ коронавирустың әлдеқайда қауіпті штаммы пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді

ДДСҰ басшысы бұл туралы Токиода Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

"Вирустың таралуы неғұрлым кең болса, соғұрлым жаңа нұсқалар пайда болады. Дәл қазір үлкен зиян келтіретіп отырған “дельта” штаммынан да қауіпті штаммдар пайда болуы ықтимал. Вакцина арқылы вирустың таралуын тоқтата аламыз", – деп атап өтті Гебрейесус.

Өз сөзі кезінде Гебрейесус Токиодағы Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясы аясында қауіпсіз өтеді деген үмітін де білдірді.

Еске салайық, Токио Олимпиадасы пандемияға байланысты бір жылға шегерілген болатын. Биылғы ойындар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: