«Үнді сериалдарына ақша бар, олимпиадаға ақша жоқ»: Қазақстандық телеарналар Токио олимпиадасынан тікелей трансляция көрсетпейді

Қазақстандағы жалғыз "Qazsport" спорттық телеарнасы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын көрсетпейтіні туралы жаңалық Қазнетте наразылық тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Үнді сериалдарына ақша бар, олимпиадаға ақша жоқ": Қазақстандық телеарналар Токио олимпиадасынан тікелей трансляция көрсетпейді

Арнаның баспасөз қызметі XXXII жазғы Олимпиада ойындарын трансляциялауға лицензия алмағанын көрермендер мен БАҚ өкілдеріне ресми хабарлады. 

"Токиодағы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде тарату құқығы Dentsu Inc. компаниясына тиесілі. "Қазақстан" корпорациясы мен "Хабар" АҚ 2019 жылдан бастап Dentsu Inc.компаниясымен келіссөздер жүргізіп келеді. Алайда, ұзақ келіссөздерге қарамастан, тараптар әлі келісімге келе алмады. Себебі, авторлық құқық иесі ойындарды трансляциялау лицензияның бағасын 2016 және 2018 жылдарға қарағанда 123% — ға артық белгілеген.

Қазіргі уақытта "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналары Токио Олимпиадасында өнер көрсететін қазақстандық спортшыларды ақпараттық қолдауға және отандық телекөрермендерді жедел ақпараттандыруға дайындалуда. Телеарналарда ұлттық олимпиада комитеті мен ірі шетелдік ақпараттық агенттіктердің фотосуреттері мен бейнематериалдарын алуға мүмкіндік бар. 

XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының 27 спорт түрі бойынша 97 спортшы қатысады”,- делінген хабарламада. 

"Qazsport"-тың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған хабарлама қазақстандық спорт сүйер қауымға ұнамады. Жазылушылар елдегі жалғыз спорт арнасы төртжылдықтың басты жарыстарын көрсете алмағанына қапа болып, пікірлерін жаудыртты. 

  • Бұдан кейін көрермендерге төрт жылдағы негізгі спорттық іс-шараның трансляциясын ұйымдастыра алмайтын арна не үшін керек?
  • Қайталап көр, позор баламыз ба?
  • Сауап бопты, үнді сериалдарына ақша бар, олимпиадаға ақша жоқ.
  • Мінде QAZSPORT осындай 2019 жылдан бері үндемей именно тақалған кезде Қазақстандық жанкүйерлердің толассыз хаттарынан сок тіріле бастады!! 3-жылда шеше алмаған нәрсені 4-күнде қалай шешпексіндер? Былай істесендерші Олимпиада аяқталғансоң көрсете салындар халық ауызында ПОВТОР СПОРТ болып қаласындар эххх жалько 5-жыл күткенің осы болса
  • Ой атаңаналет тьфу сендерге….интернет аман болсын

Источник stan.kz