Миллиардер Безос ғарышқа ұшып келді

milliarder bezos ғaryshқa ұshyp keldi 2de2e4c

Amazon және Blue Origin ұйымдарының негізін қалаушы, миллиардер Джефф Безос пен және тағы үш жолаушы ғарыштан аман-есен оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Миллиардер Безос ғарышқа ұшып келді

New Shepard ракета капсуласында Безоспен бірге оның бауыры Марк, 18 жастағы студент Оливер Дэемен және 82 жастағы америкалық ұшқыш әйел Уэлли Фанк болған. Осылайша Дэемен мен Фанк ғарышта болған ең жас және ең кәрі адам атанды. 

Зымыран Безостың Техаста орналасқан жекеменшік ғарыш айлағынан әуеге көтерілген. Төрт минуттан ракета 107 048 метр биіктікке жетіп, кейін төрт жолаушысы бар капсула төменге түседі. 

Ұшу ұзақтығы 11 минутқа созылған. 

Еске салсақ, бұған дейін британиялық кәсіпкер Ричард Брэнсон ғарыш шекарасына жасаған сапарынан қайтып келгені айтылған еді. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: