«Шапалақты ұрып қаспенен»: Мейрамбек пен Мұқасан елді күлкіге қарық қылды (видео)

40-тан асқан Мейрамбек Бесбаев пен Мұқасан Шахзадаев жастарға ілесемін деп заманауи әзіл видео түсірді. Орта буын өкілдері бұл қылығымен елді күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz.

"Шапалақты ұрып қаспенен": Мейрамбек пен Мұқасан елді күлкіге қарық қылды (видео)

Қос әнші бірігіп, "қаспен билеп", әлемге танымал әуенге аузын жыбырлатып айтқан. Видеоның күлкілі шыққаны соншалық, аз уақытта жарты миллионнан аса қаралым жинаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev)

Сырт көзге байсалды, сабырлы көрінетін өнер иелерінен мұндай қылықты халық қана емес, әріптестері де күтпесе керек.

"Сендерге қосылу үшін анандай қас керек шығар, я?" — деп Сәкен Майғазиев пікір білдірсе, Ерке Есмахан: 

"Не деген бір-біріңізді түсінушілік дейм да", — деп жазды.

“Шапалақты ұрып қаспенен, күшті билеп қояды екенсіздер баспенен”, – деп пікір білдірді оқырмандардың бірі.

Источник stan.kz