Қазақстандық шахматшы әлемнің вице-чемпионын ұтып кетті

azaқstandyқ shahmatshy әlemniң vice chempionyn ұtyp ketti 7481e4f

Халықаралық гроссмейтер, шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаев АҚШ спортшысы, әлемнің вице-чемпионы Фабиано Каруанадан басым түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық шахматшы әлемнің вице-чемпионын ұтып кетті

Шахмат федерациясының мәліметінше, бүгінде Сочи қаласында шахматтан ФИДЕ әлем кубогы өтіп жатыр. Аталған бәсекеде халықаралық гроссмейтер, шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаев қарсыласын жеңді. Ол АҚШ шахматшысы әлемнің вице-чемпионы Фабиано Каруанадан басым түсті.

"Қазақстандық шахматшыға 3 раундтың екінші кезеңінде жеңіске жету оңайға соқпады, өйткені ол қара түсте ойнады. Алайда ойын барысында фигуралардың стандартты емес қатынасы бар позиция пайда болып, жерлесімізге қарсыласынан басым түсудің сәті түсті. 3 раундтың бірінші кезеңінде қазақстандық шахматшы қарсыласымен теңдей түсті, осылайша Ринат 1.5: 0.5 есебімен турнирдегі басты фавориттердің бірін жеңіп, әлем кубогының келесі кезеңіне жолдама алды", – делінген хабарламада.

Жерлесіміздің әлем кубогындағы келесі қарсыласы бүгін АҚШ гроссмейстері Сэм Шенкленд пен украиндық Александр Арещенко арасындағы тай-брек матчының қорытындысынан кейін белгілі болады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: