Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті (видео)

Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен оның баласын қағып кетті. Салдарынан әйел қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде жол апатынан кейін түсірілген видео жарияланды.

Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріповтің айтуынша, 19 шілдеде сағат 22.00 шамасында Алматыдағы Бостандық ауданында 1962 жылғы жүргізуші DUKE BLACK маркалы мотоциклімен Сәтбаев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, №4 ғимаратқа қарама-қарсы Республика алаңында келе жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

“Салдарынан 1976 жылы туған әйел және 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Олар Сәтбаев көшесінің жүріс бөлігін солтүстік бағытта белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған", — деді ол.

Полиция мәліметі бойынша, жол апаты салдарынан әйел жансақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмды. Бала қалалық ауруханалардың біріне жансақтау бөліміне жеткізілген. Жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға түскен.

Дерек ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, тергеу шаралары басталды.

Источник stan.kz