Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

toқaev қazaқstandyқtardy Құrban ajt merekesimen құttyқtady e5cef85

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

“Ардақты ағайын! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қайырымдылық пен жанашырлық, ізгілік пен имандылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мейрам.

Салт-дәстүрімізбен берік ұштасқан ата дініміз – елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтың бірі”,- деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Құрбан айт қашанда барша жұртты береке-бірлікке үндейді. Ел азаматтарын бауырмал болуға шақырып, бүкіл халқымыздың ырыс-ынтымағын арттырады.  

“Мұсылман баласы бұл күндері отбасы амандығы мен ел тыныштығы үшін құрбандық шалып, жоқ-жітікке көмектеседі, мұқтаж жандарға қамқорлық танытады. Осындай ізгі ниет пен сауапты іс ел-жұрттың бір-бірімен етене араласуына, өзара сыйластық пен жақсылыққа жол ашады.   

Құрбан айттың ұлағаты мен өнегесі біздің рухани құндылықтарымызбен үндеседі. Бүгінгі мерекенің мән-маңызы осында деп білемін. 

Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!  

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!”, – деді Тоқаев.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: