Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

rүstem biғari Қr bilim zhәne ғylym vice ministri қyzmetinen bosatyldy eedeebb

Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рrimeminister.kz басылымына сілтеп хабарлайды. 

Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

“ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Айдарбекұлы Биғари берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды”, – делінген хаттамады.

Рүстем Биғари 1976 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын, Бостон университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Тұрақты даму ұлттық экологиялық орталығының Бағдарламалар мен жобалар мониторингі комитетінің консультанты қызметінен бастады.

2006-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2018 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі болды.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: