Алматы облысында жаңадан салынған мектеп қабырғасында жарықтар пайда болды: жөндеу жұмыстарына тағы 15 миллион теңге жұмсалады

Жазиралы Жаркентте 4 жыл алдын ел игілігіне берілген білім ордасының қабырғаларында жарықтар пайда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысында жаңадан салынған мектеп қабырғасында жарықтар пайда болды: жөндеу жұмыстарына тағы 15 миллион теңге жұмсалады

Нысанның жалпы сметалық құжатына 1млрд. 21 мың теңге бөлініп, "Алматыкульбытстрой"  мердігер компаниясы жауапкершілкті өз мойындарына алған болатын. Аталған компания мектептің құрылысына 3 жылдық кепіл мерзім берген. 

Желіде лезде тараған қабырғалары сөгілген білім ошағының суреті елді дүрліктіргені жасырын емес. Алайда, мектеп қабырғасындағы бұл сызаттар 2019 жылы пайда болған екен. 

Осыдан екі жыл бұрын мектептің сыртқы қабырғаларында сызық пайда болған сәтте мектеп әкімшілігінің шағымы негізінде әкімдік, прокуратура және антикоррупция тексеріс жүргізеді. Арнайы мамандардың тексеріс нәтижесінде мектептің кейбір бөлігінде сыртқы сылағы қалың жағылғаны анықталған. Ал, мектептің негізгі қабырғасы қызыл кірпіштен салынған. Ол толықтай талапқа сай, қауіпсіз.  Мердігер компания кепілдік негізінде мектептің сыртқы сылағын жүргізіп шығады.

Екі жыл бұрын қабырғасында сызат пайда бола бастаған білім ордасының бүгінгі келбеті өзгеріссіз, биыл да нысанның керегесінде жарықтар пайда болған.  Мердігер компанияның берген кепілдік мерзімі өз шегіне жеткендіктен, жергілікті әкімдік үнемделген қаржыдан үнемделген қаржыдан 15 млн теңге бөліп, конкурс негізінде ұтып алған құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Источник stan.kz