«Славян базарының» жеңімпазы қазақстандық ару байқауға қатысу үшін 23 килограм салмақ тастаған

"Витебскідегі Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің гран-приін жеңіп алған жерлесіміз Рухия Байдукенова байқауға қатысу үшін 23 келі салмақ тастағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Славян базарының" жеңімпазы қазақстандық ару байқауға қатысу үшін 23 килограм салмақ тастаған

Онлайн брифинг барысында 22 жастағы қазақстандық бойжеткен бала кезінен "Славян базарын" көріп, қатысуды армандағанын жасырмай айтты.

"Бала күнімнен анама айтатынмын: "мен бұл байқауға қатысып, жеңімпаз боламын. Еліміздің атынан жеңіске жеткен алғашқы қыз боламын” дейтінмін. Байқауға қатысу үшін мен моральдық жағынан да, физикалық жағынан да дайындалдым. Мен 23 кг артық салмақтан  арықтадым", — дейді Рухия.

Алдағы шығармашылық жоспарлары туралы сұраққа жауап бере отырып, Рухия авторлық тректер мен клиптер шығаруды, тоқтап қалмай, тек алға жылжу үшін теледидарлық әлемдік конкурстарды іздеуді жоспарлағанын айтты.

Сондай-ақ, Қазақстандық халықаралық продюсерлермен ынтымақтастық туралы ұсыныстарды қарастыруға және өз мансабын Қазақстаннан тыс жерлерде дамытуға дайын екенін жеткізді. 

Источник stan.kz