Тоқаев үкіметке бір ай уақыт берді

toқaev үkimetke bir aj uaқyt berdi 3b7a3c7

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавируспен күрес және Қазақстанда вакцинацияланған азаматтардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдау үшін бір ай берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев үкіметке бір ай уақыт берді

"Бүгін көтерілген барлық мәселелер үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс. Жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет. Қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімде баяндауды сұраймын", – деді Тоқаев.

Еске салсақ, бүгін президент Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы жалған вакцинация паспорттарын жасағандарға қатаң жаза қолдануды тапсырды. Тоқаев денсаулық сақтау нысандарын сынға алды

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: