Құрбан айтта білуге тиіс 6 сөз

rban ajtta biluge tiis 6 sөz 8351d5e

20 шілде барша мұсылман қауым күткен қасиетті Құрбан айт мейрамы. Осы мейрамда жиі айтылатын діни атауларды біле жүргеніңіз абзал.

Құрбан айтта білуге тиіс 6 сөз

Құрбан айт сөзі араб тілінен  (يد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā) келгені белгілі. “Құрбан” сөзі араб тілінде "жақындау" дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — "шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау" деген мағынада қолданылады. Бұл мейрам ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күні мұсылман қауым құрбандыққа мал сояды.

Осы Құрбан айт мерекесі кезінде Зүл-хиджа сөзі де қолданылады. Бұл сөз — ай атауы, яғни Құрбан айт болатын ай Зүл-хиджа айы деп аталады. Мұсылмандар Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалатын ғибадаттардың қадірі өте жоғары деп біледі.

Ал "Арапа" сөзі туралы айтар болсақ, бұл күннің атауы болып табылады. Ол қасиетті мерекенің бастауын білдіреді. Құрбан айт мейрамынан алдыңғы күнді "арапа" деп атайды. "Арапа" сөзінің тілдік мағынасы білу, тану, анықтау деген мағынада қолданылады. 

Тәурия күні — Арападан бір күн бұрынғы күн.

Шек беру — қазақ халқының ислам мәдениеті арқылы келген дәстүрі. Бұл күні ата-бабасының аруақтарына арнап, құран оқытып, дұға жасайды. Ол Ораза айт немесе Құрбан айт мерекесінің алдында болады.

Сауап –  араб тілінен енген "марапат" ұғымын білдіретін сөз. Шындық, лайық болу деген сөздермен де байланысты. Ислам дінінде жасалған игілікті іс үшін Алла тағала тарапынан берілетін сый. Сауап сөзі бүкіл ислам әлемінде қолданылады.

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: