«Құрбандық шалатын жерлерде жұрттың жаппай жиналуын болдырмауымыз керек» — Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт қарсаңында санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Құрбандық шалатын жерлерде жұрттың жаппай жиналуын болдырмауымыз керек" - Тоқаев

Мемлекет басшысы жаппай құрбандық шалу шараларын болдырмау керектігін айтты. 

“Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек”, – дейді Тоқаев. 

Үкімет пен әкімшілікке санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалау тапсырылды. 

“Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет”, – дейді Тоқаев. 

“Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруы тиіс”, – дейді мемлекет басшысы. 

Источник stan.kz