Тоқаев: Әкімдердің көбі пандемия сынағын «үшке» тапсырды

toқaev Әkimderdiң kөbi pandemija synaғyn үshke tapsyrdy c4d5e92

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде вакцинамен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсететін көшпелі бригадаларды шұғыл құруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев: Әкімдердің көбі пандемия сынағын "үшке" тапсырды

"Пандемия аймақ басшылары үшін өзіндік емтихан болды. Бұл емтиханды әкімдердің кем дегенде жартысы "үшке" тапсырады", – деді Президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы вакциналау ісінде өңірлердің "температурасын" жіті бақылау маңызды екенін айтты.

"Вакцинациямен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл қалыптастыру керек. Аймақтың ерекшелігін ескеру, көңіл-күйді алдын ала зерттеу, "температураны"өлшеу өте маңызды", – деді Президент.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізіп жатыр.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: