«Вирустың таралуын тоқтату мүмкін емес»: Тоқаев халықты вакцинациялау туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте вирусты тоқтату мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Вирустың таралуын тоқтату мүмкін емес": Тоқаев халықты вакцинациялау туралы айтты

“Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу”, – дейді Тоқаев. 

“Бүгінгі күні 2,8 миллионға жуық адам иммундаудан өтті. Алайда, вакцинациялаудың жақсы динамикада жүргізіліп жатқанына қарамастан, аймақтар тұрғысынан алғанда жағдай екіұшты.

 

Источник stan.kz