Мәншүк Мәметова шыңында жоғалған ер адам табылды

mәnshүk mәmetova shyңynda zhoғalғan er adam tabyldy ee23cfa

Алматыдағы Мәншүк Мәметова шыңының мұздығында жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәншүк Мәметова шыңында жоғалған ер адам табылды

"Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды М. Мәметова шыңының мұздығынан тапты. Бүгін мұздықты тексеру кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы ер адамды тапты. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қазіргі уақытта РЖҚЖ жедел тобы таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр", – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Іле Алатауы тауларында Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: