Қостанайта мұғалім коронавирусқа қарсы вакцина салдырмауға рұқсат беретін анықтама жасатпақ болы, алаяқтарға ұрынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Гипертония мен демікпесі бар әйел танысымен сөйлесу кезінде мектеп директорының вакцинация паспорты болуы керек деген. Жекеменшік зертханадағы бағасын анықтай келе қызметтің құны 120 мың теңгені құрайтынын білген. Осылайша жеке емханалар бұдан табыс жасамақ болған. Танысы мұғалімге 20 мың теңгеге анықтама бере алатын адамның нөмірін ұсынған", – деп атап өтті Тұрлыбек брифингте.
Әйелдің айтуынша, анықтаманы төлем жасағаннан кейінгі күні әкеліп тастаған. Алайда әріптесімен сөйлескен соң ол анықтаманың шынайылығына күдікпен қарай бастаған, өйткені анықтамада кейбір мәліметтер жетіспеген.
"Ашуланған әйел мемлекеттік емханаға бет алып, анықтама жасалды деген медициналық бөлімге барған, онда ол бас дәрігердің медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасармен жолыққан. Медицина басшысы полицияға жалған құжат жайлы полицияға хабарлаған", – дейді Тұрлыбек.
Аталған факт Қылмыстық кодекстің 385-бабы "құжаттарды қолдан жасау" бойынша тіркелген, ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көздейді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және тергеу шараларын жүргізуде.