Павлодарға жаңа әкім тағайындалды

pavlodarғa zhaңa әkim taғajyndaldy 720cc33

Асайын Байханов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды Қаланың жаңа басшысын облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодарға жаңа әкім тағайындалды

Қаланың жаңа әкімін аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Соңғы бір жарым жыл Асайын Байханов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Павлодардың жаңа әкімінің кандидатурасы президент әкімшілігімен келісіліп, қала мәслихаты депутаттарымен мақұлданды.

"Қала әкімдігі қаланың мәселелері жөнінде білетін және оларды жедел, ұтқыр, тиімді шешетін орын болуы тиіс. Ал іс жүзінде уақытты өткізіп алып, мәселені шешу үшін өзіме, орынбасарларыма немесе облыстық басқарма басшыларына араласуға тура келеді. Облыстық әкімдік қалалық әкімдікті алмастыра алмайды. Бұл мәселелерді өзіңіздің жеке, үздіксіз қадағалауыңызға алуыңызды тапсырамын. Проблемаларды дер кезінде анықтап, оларды шешуге белсенді әрекет ету, мердігерлер жұмысын үздіксіз қадағалап, мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлау қажет. Сонымен қатар, жылу беру маусымының мәселелері де басымдықтар қатарында болуы тиіс", – деді облыс әкімі.

Асайын Байханов 1978 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. 2000 жылы ол Павлодар университетін "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдап, 2005 – 2006 жылдары ProCredit Holding AG и European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) халықаралық банк холдингінің біліктілікті арттыру корпоративтік орталығында оқыды.

2017 ж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірді (іскерлік әкімшілік магистрі, "Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік"). 2000 жылы жоғары білім алғаннан кейін Асайын Байханов еңбек жолын банк секторында, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстанда өткізген бағдарлама бойынша бастады. Екібастұзда несиелік эксперттің тыңдаушысынан ЕҚҚДБ-нің Алматыдағы бас кеңсесінің жаңа банк өнімдерін енгізу бөлімінің басшысына дейін өсіп, сонымен бірге ЕҚҚДБ Қазақстан және шет елдерде өткізген семинарларында көпсатылы оқу бағдарламасын меңгерді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: