Ақтөбелік көлігінің ішіне бензин шашып өзін өртемек болды

aқtөbelik kөliginiң ishine benzin shashyp өzin өrtemek boldy fd4a513

Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбелік көлігінің ішіне бензин шашып өзін өртемек болды

Оқиға 18 шілде күні сағат 20:23-те тіркелді. Ақтөбе облыствқ ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен хабарлама түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны "Лексус 350" маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды.

"Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіруші-құтқарушылар, азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К. Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар көбік шашты. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған тұрғын құтқарылды",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

  • Нұр-Сұлтанда ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды
  • Алматы облысында мысықтарды тірідей өртемек болды

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: