Коронавируспен ауырып шыққан адамдар неге вакцина егуі керек? Маман түсіндірді

Коронавируспен ауырып, содан кейін вакцина салдырған пациенттердің иммунитеті басқа адамдарға қарағанда әлдеқайда мықты болады. Бұл туралы дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Коронавируспен ауырып шыққан адамдар неге вакцина егуі керек? Маман түсіндірді

Дәрігердің айтуынша,  адамдар оған осыған қатысты жиі сұрақ қояды: “коронавируспен ауырған және антиденелері болса, неге вакцинацина егуі керек?”.

"Науқастардың иммунитеті ауруды тудырған коронавирустың түрлерінен жақсы қорғайды, алайда жаңа штамдардан, соның ішінде дельтадан жақсы қорғай алмайды. Вакцинацияланғандардың иммунитеті "бета"- Оңтүстік Африкалық штамды қоспағанда, барлық штаммнан жақсы қорғайды, онда вакциналардың әсері төмен", — деп жазды Мясников өзінің Telegram каналында.

Індет тараған кезде жаппай вакцинация ешқашан жүргізілмеген: Қазақстандықтар ақпаратты қызу талқылауда 

Оның айтуынша, вакцинацияланған науқастардың иммунитеті ауырған, бірақ вакцинацияланбаған және вакцина еккен науқастардың иммунитетінен де мықтырақ. Мұндай COVID-ті алдын алу шаралары бүгінде белгілі барлық штамдардан, соның ішінде дельта штаммынан да қорғай алады, деді ол.

Источник stan.kz