2021 жылғы Арапа күнінің ораза кестесі: Қай уақытта ауыз бекіту керек

2021 zhylғy arapa kүniniң oraza kestesi Қaj uaқytta auyz bekitu kerek 9cfd0ce

Биыл Арапа күні 19 шілдеге сәйкес келіп отыр. Бұл күнді барша мұсылман қауым асыға күтеді, себебі мол сауап жинауға болатын мүмкіндік беретін сый деп есептеледі. Арапа уақыты – Құрбан айттан бір күн бұрын.

Бұл күні екі жылдық күнәлар кешіріледі

Осы күні ораза ұстаған адамға Адам атадан Қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген барлық адам санының екі есесіндей сауап жазылады екен.

Құрбан айттың бірінші күнінің алдындағы күн – Арапа күні. Ал Арапа түні –  осы күн мен құрбан айттың бірінші күні арасындағы түн. Бұл түнді мұсылмаш қауым ерекше қадір тұтады. Себебі  осы күні ораза ұстаған кісілердің екі жыл бойғы күнәсіне кешірім беріледі деп саналады. Соның ішінде өткен жыл мен келер жылдық күнәлар.

Жалпы Зульхижжә айының бастапқы күндері берекелі күндер деп есептеледі. Ал қажылыққа бармаған адамның осы күні ораза тұтып, дұғада болуы, намаз оқуы үлкен сауапті іс саналады.

Ерте заманда бұл күні қажылық парызын өтеуге сапарлатқандар түстен кейін ертеңгі таң намазына дейінгі аралықта Арафат тауына барып тұрақтайтын болған.

2021 жылғы Арапа күнінің ораза кестесі: Қай уақытта ауыз бекіту керек

Арапа қайдан шыққан?

"Арапа" сөзінің мағынасына үңілсек, араб тілінен енген, білу, түсіну дегенді білдірсе керек. Оның шығу тарихын Ибрахим пайғамбардың түс көруімен байланыстырады. Ұлын құрбандыққа шалмақ болғанда пайғамдар түсінде аян бергенін көреді. Осылайша, осы күнді арапа деп атаған екен.

Құран Кәрім хадистерінде Арапада жасалған дұға қайырлы дұғалардан делінген.

Арафат тауы – мұсылмандар Аллаға сыйынып, қажылық жасайтын мекен. Ал Арапа күні – Жаратушының дұғадағы құлдарына берген тартуы. Иман келтірген жандар осы күнді шын ниетімен күтіп, тілектері мен дұғаларын айтып сұрауы керек.

Арапа күні шын мұқтаждарға көмек беріп, туған-туыс, көрші-қолаң, дос-жекжаттарға хабарласып, мол сауапқа кенелу қажет.

Арапа күнгі ораза

Арапа оразасының уақытын намаз кестесінен білуге болады. Ауыз бекіту уақыты таң намазы басталатын уақытпен тұспа-тұс. Таң намазына 10 минут қалғанға дейін сәресі аяқталғаны дұрыс.

Ауыз ашу уақыты ақшам намазы кірген уақытпен есептеледі. Әдетте дұға жасай отырып, ауызды сумен, құрмамен ашады.

 

 

 

 

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: