Үндістанда үш басты нәресте дүниеге келді

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында ерекше үш басты бала дүниеге келді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.

Үндістанда үш басты нәресте дүниеге келді

Баланың анасы жүктілік кезеңін жақсы өткізген және ештеңеге шағымданбаған. Осыған орай үш басы бар нәресте дүниеге келген кезде жақындары шошып кеткен, деп хабарлайды DailyStar.

БАҚ-та жарияланған фотосуреттер мен видеода баланың қосымша екі басы "негізгі" басымен байланысып тұрғаны, шашы бар екені көрінеді.

Ана мен бала өзін жақсы сезінеді, олар ауруханадан шығып, үйге оралды. Алайда сирек кездесетін ақауға байланысты олар енді танымал болып кеткен.

Жергілікті тұрғындар баланы Құдайдың жердегі бейнесі деп санап, отбасының үйіне барып жатыр. 

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар