Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары өз бетітімен жаңа мектеп салып жатыр

Ақтөбе облысында шағын Қарлау ауылының тұрғындары бастауыш мектеп салып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары өз бетітімен жаңа мектеп салып жатыр

Мектеп салуға ақшаны жергілікті кәсіпкер бөлген. Құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталды. Ауыл тұрғындары жаңа оқу жылында балалар жаңа мектепке барады деп үміттеніп отыр. Ауылда мектеп салуды жергілікті кәсіпкер Жұмабай Бекмағамбетов шешкен. Ауыл тұрғындары бұл идеяны қолдап қана қоймай, нысанды салуға өз көмегін ұсынды. Құрылыс жұмыстары кент орталығында өткен жылы басталды. Бірақ пандемияға байланысты оны белгіленген мерзімге тапсыру мүмкін болмапты. Алайда бұл оқу жылы жаңа мектепте басталмақ.

"Бүгінгі таңда құрылыс 70 пайызға аяқталды. Қазір сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде, алдағы 15 күнде оны аяқтаймыз деп ойлаймын. Содан кейін ішкі безендіруге көшеміз. Бұрын Қарлау ауылы ірі совхоз бөлімшесі болған. Мұнда тек бастауыш 4 сыныптық мектеп қана болатын", — деді Жұмабай Бекмағамбетов.

Биыл 15 оқушы мектепке барады деп күтілуде. Бірақ ауыл тұрғындары жақсы ниетпен 40 орындық мектеп салып жатыр. Кәсіпкерлер кентке көпбалалы отбасыларды шақырып, ересектерді жұмыспен қамтуға уәде беруде. 

"Оқу жылының басында құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Кейін оны Бөгетсай ауылдық округі мен аудандық білім бөліміне береміз. Жаңа нысанның жалпы аумағы 300 шаршы метрді құрайды.

Мұнда мұғалімдер кабинеті, АКТ залы және бірнеше сыныптар болады", — дейді Бөгетсай ауылдық округінің әкімі Махамбет Сүйіналин.

Шамамен 40 жыл бұрын салынған ескі мектепте ауыл тұрғындары медициналық пункт ашуды сұрап отыр. Бұл ғимарат өте ескі, дейді жергілікті тұрғындар.

"Егер олар жаңа мектеп ашса, ескі ғимараттың бос қалмағаны жөн. Онда медициналық пункт орналастыруға болады, қажет болған жағдайда адамдар дәрігерлерден көмек сұрайды. Біз өз денсаулығымыз бен балаларымыздың денсаулығына алаңдаймыз", — деді Қарлау ауылының тұрғыны Айгүл Ілиясова.

Хромтауда барлығы 27 мектеп бар, олардың екеуінде қазір күрделі жөндеу жүргізілуде.

Источник stan.kz