Бөтелкемен қыздың басынан ұрған: Талдықорғандық жұртты шошытты

bөtelkemen қyzdyң basynan ұrғan taldyқorғandyқ zhұrtty shoshytty 847d690

Талдықорғанда қала орталығында өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасап, сыра бөтелкесімен ұрған жас жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бөтелкемен қыздың басынан ұрған: Талдықорғандық жұртты шошытты

Ерсі әрекетімен қала тұрғындарын шошытқан қылмыскердің суреті әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жазба авторы жігіттің "Атамекен" ойын-сауық орталығының алдында қызды ұрып, оқиға орнынан қашып кеткенін атап өтті.

Полиция бұл ақпаратты растап, оқиғаның 15 шілде күні сағат 23:00 шамасында болғанын айтты.

"Қазір қалалық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізуде. Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлімі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

25 жастағы қыздың ауыр жарақат алмағаны хабарланды. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол амбулаториялық емделуге жіберілді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: