Министрлік: Вакцина алғандар да маска тағып жүруі керек

ministrlik vakcina alғandar da maska taғyp zhүrui kerek a7b8dbd

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова коронавирустың алдын алу үшін барлық шараларды сақтап, маска тақпай жүрудің әлі де дұрыс еместігін еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Министрлік: Вакцина алғандар да маска тағып жүруі керек

"Елде вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Ал халық көшеде және жабық жерлерде бетперде қолданбайды. Қазіргі жағдайда бұл қалыпты ма?"- деп сұрады журналист брифингте.

"Маска тағу қазіргі жағдайда ғана емес, пандемия жарияланғаннан сәттен бері өзекті. Вакцина алдық, енді маска тағудың, қашықтық сақтаудың қажеті жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Әзірге ұжымдық иммунитет қалыптасқан жоқ, вирус қоғамда жоғары деңгейде таралып жатыр, өкінішке орай, вакцина алғандар да ауырып қалуы мүмкін", – деп атап өтті Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

  • Қазақстанда балаларға Pfizer вакцинаcын салу қарастырылуда
  • Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде мойындалады

Сондықтан, оның айтуынша, вакцинамен қатар алдын алу шараларын да сақтау маңызды.

"Өзіңіз туралы, жақындарыңыз бен қарт туыстарыңыз туралы ойланыңыз. Дельта штамының да әлдеқайда жұқпалы, көп адамға тез таралатынын және ауру күрделі жағдайда өтетінін есте сақтаңыз. Құрметті қазақстандықтар, өтінеміз, барлық алдын алу шараларын сақтаңыздар", – деді А. Есмағамбетова.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: