Грузияда Әсел Айтпаеваға қатысты іс жабыла ма: Адвокат жауап берді

gruzijada Әsel ajtpaevaғa қatysty is zhabyla ma advokat zhauap berdi 5f80b6b

Адвокат Ербол Қанафин Грузияда көз жұмған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Грузияда Әсел Айтпаеваға қатысты іс жабыла ма: Адвокат жауап берді

Күдікті көз жұмды. Бірақ оқиғаның болғаны жоққа шығарылмайды. Бұл жағдайда іс тоқтатылуы керек. Бірақ барлық сараптама нәтижелері болған кезде ғана тоқтатылады. Түрмеде өлі күйінде табылған азамат “зорлау” және “өзін-өзі өлтіруге жеткізу” баптары бойынша күдікті болып отыр.

Біздің Қазақстанның (марқұмның алыс туысы) байланысы бар, бірақ тікелей емес. Енді бәрі құрдымға кетеді деп айтуға болмайды. Қазақстан мен Грузияда да іс қатар жүріп жатыр. Олар өзара байланысты. Бірақ бір-біріне ықпал етіп, істің тоқтап қалуы мүмкін емес", – деді адвокат Ербол Қанафин.

Грузия прокуратурасы Мейірбековке Әсел Айтпаеваны зорлады деген айып тағып отыр. Бұл туралы БАҚ хабарламаларында айтылды.  

Мен жаңалықтарды оқып, оның қайдан алынғанына таң қаламын. Расталмаған ақпараттар жазылып жатады. Қазақстанда күдіктіге адам саудасы бойынша айып тағылуда.

Грузиядағы сараптамалардың нәтижелері дайын болғаннан кейін, егер Әселмен жыныстық қатынасқа түсу фактісі оның келісімінсіз болғаны расталса онда біз “зорлау” ісі бойынша айып тағуымыз керек. Бірақ бұл әлі белгілі болған жоқ. Өйткені істі жүргізген тергеуші ауырып қалды. Менің ойымша, ол жақын арада сауығып, істі Бас прокуратураға, содан кейін сотқа береді.

Грузияда да солай. Тергеу жүріп жатыр. Қоғамның қысымымен істің тез арада тергеліп, сотқа беріле салуы болуы мүмкін емес. Бұл қылмыстық іс. Ол тергеуге және бас бостандығынан айыру қаупі бар адамның кінәсін дәлелдеуге жатады (Мұрат Мейірбековтің ісі). Тергеу мен сараптама асығыс бола салмайды", – дейді адвокат.

Ол сонымен қатар Грузиядағы іс бойынша адвокатпен ақпарат алмасып тұратындарын айтты.

"Сараптама нәтижелері шығады. Бесик Тордуаға қатысты іс тоқтатылады. Грузия біздің жауаптарымызды алады. Көз жұмған адамды айыптай алмаймыз. Әрине, бәрі біреудің жазаланғанын қалайды",-деп жауап берді қорғаушы. 

Адвокат Грузин тарапы Қазақстандағы куәгерлер мен іске қатысушылардан жауап алуды сұрағанын атап өтті. 

"Менің білуімше, біздің тергеушілер жауап алып Грузиға жібереді. Хаттамалар сол жерге жіберіледі. Олар сонда іс материалдарына қосады", – деді ол.

Оның пікірінше, тамыз айының соңына дейін Қазақстандағы іс прокуратураға тапсырылады.

"Грузин тарапы зорлау және адам саудасы істерін қатар қарайды", – деді адвокат.

Айта кетсек, Қазақстандық бойжеткен Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Грузия азаматы Бесик Тордуа түрмеде өлі табылған болатын. 

Еске салайық, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті. Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады. Сонымен қатар  қыздың өлімін егжей-тегжейлі тергеу үшін Қазақстан ІІМ Грузияға өзінің тергеу-жедел тобын жібереді.

 

Әсел Грузияға өзінің алыс туысы – немере әпкесінің күйеуі Мұрат Мейірбековтың шақыруымен жұмыс істеуге барған. Ол қыздың өліміне қатысы болды деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ іс бойынша күдіктілердің қатарында Грузия азаматы да бар.

Тергеу барысын Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова өз бақылауына алды.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: