Дөңгелекке жел беріп жатқан: Павлодарлық жұмысшы дөңгелек жөндеу орнында қаза тапты

dөңgelekke zhel berip zhatқan pavlodarlyқ zhұmysshy dөңgelek zhөndeu ornynda қaza tapty 4a39d0a

Павлодарда дөңгелек жөндейтін орындардың бірінде жүк көлігі доңғалағының жарылуы салдарынан жұмысшы қайтыс болды. Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды. 

Дөңгелекке жел беріп жатқан: Павлодарлық жұмысшы дөңгелек жөндеу орнында қаза тапты

"16 шілдеде сағат 13.00-де Павлодарда, Жібек жолы көшесіндегі дөңгелектер жөндейтін орында ауыр жүк көлігінің дөңгелегіне жел беру кезінде дөңгелегі жарылып кеткен. 38 жастағы жұмысшы алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша "Еңбек қорғау ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бұл факті бойынша кінәлілерді бес жылға дейін бостандықтарын шектеу немесе бас бостандығынан айыру я болмаса белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе үш жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу күтіп тұр. 

Источник stan.kz

Бүгінгі жаңалықтар