Интернет желілерінен жалған вакцина төлқұжатын саудалаған чат анықталды

internet zhelilerinen zhalғan vakcina tөlқұzhatyn saudalaғan chat anyқtaldy 5059628

Қазақстандық блогер Александр Цой интернеттен жалған вакцинация төлқұжаттарын сататын чат тапты, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Интернет желілерінен жалған вакцина төлқұжатын саудалаған чат анықталды

Цойдың айтуынша, жалған вакцинация төлқұжаттарын сату чаты Telegram мессенджерінде жұмыс істейді.   

 "Өлімнің өзін бизнеске айналдырған. Telegram желісінде қандай былық болып жатқанын қараңыздаршы. Барлығы тұрақты коммерциялық жолға қойылған. Содан кейін вакцина адамдарды өлтіреді деп дабыл қағатын да осы адамдар",- деп жазады блогер Facebook парақшасында.

"Қазіргі уақытта бұл факт тексерілу үстінде. Алынған деректерді талдау нәтижелері бойынша алаяқтық схема болуы мүмкін. Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды баға беріледі", – деді ІІМ-нің баспасөз қызметі. 
Ішкі істер министрлігі ғаламторды бақылау кезінде мамандар мәліметтер базасында ресми тіркелген куәліктер немесе вакцинация паспорттарын жасау бойынша жалған ұсыныстарды анықтайтынын хабарлады. Шілде айынан басынан бастап жалған вакцинация паспорты мен ПТР анализі белгілі бір мөлшерде ұсынылған 46 жарнама анықталды. Барлығы уәкілетті органды бұғаттауға бағытталған.

"Осы хабарламаларды талдау кезінде олардың иелері Қазақстан аумағынан тыс жерлерде екендігі белгілі болды. Осыған байланысты алаяқтық схемалар болуы әбден мүмкін. Сондықтан абай болыңыз. Сақ болмасаңыз алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, ішкі істер органдары жалған ПТР сертификаттарын және вакцинация паспорттарын сату фактілерін анықтау бойынша басқа да шараларды қабылдауда. Полицейлер жалған құжаттар беру фактілерін анықтау үшін медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина қабылдау пункттерін тексеруді жалғастыруда", – деп хабарлады ІІМ. 
Полиция азаматтарды заңды бұзбауға шақырды.

Бұған дейін Павлодарлық дәрігерлер 200-ден астам жалған вакцинация паспортын жасағанын жазған болатынбыз.

Екпе салдыру төлқұжаттарын қолдан жасау қылмыстық жазалауды ғана емес, халық үшін де қауіпті екенін жадыңызда ұстаңыз. Өйткені жалған вакцинацияланған адам коронавирусты жұқтырып қана қоймай оны жақындарына да таратуы мүмкін. Сонымен қатар, жалған вакцинацияланған адамдардың короновирусынан инфекция немесе тіпті өлім жағдайларының болуы екпеге деген халықтың сенімін одан әрі төмендетеді.  

Еске салайық, аталмыш құқық бұзушылық үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 385-бабында "Жалған құжаттарды, мөрлерді, фирмалық бланкілерді, мемлекеттік пошта маркаларын, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау немесе сату" деп көрсетілген. Бұл бапта 2000 АЕК (5,8 млн. теңге) дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары яки 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту болмаса екі жылға дейінгі бостандықты шектеу түріндегі жаза қарастырылған немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру көрсетілген. 

Егер бұзушылық бір жыл ішінде қайта анықталса, сондай-ақ алдын ала келісу арқылы вакцинация паспорттарын бір топ адамдар жасаған болса, айыппұл 4000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл қазірдің өзінде 11,6 млн теңге. Сондай-ақ, тәртіпті бұзушылар 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе төрт жылға дейін бостандығы шектелуі я болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жаза жалған вакцинация паспортын қолданғандарға да қарастырылған. Вакцинацияны біле тұра жалған төлқұжатты қолданған болса 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (шамамен 467 мың теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары я болмаса 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады яки 40 күнге қамауға алынады.

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: