Алматы мешіттерінде Құрбан Айт намазы оқылмайды

almaty meshitterinde Құrban ajt namazy oқylmajdy e421083

Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби карантин кезінде Құрбан айт мерекесін атап өту шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы мешіттерінде Құрбан Айт намазы оқылмайды

Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиялогиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Құрбан Айт намазы қала мешіттерінде оқылмайды. Айт намазының орнына әркім өз үйінде 2 рәкат намаз оқуы ұсынылады. Сондай-ақ Құрбан айт күндері елдің базардан мал таңдап алып, оны өз қолымен союына және көпшілік іс-шараларды өткізуіне тыйым салынады.

"Бұл жауапты да, сауапты амалды Муфтиятқа қарасты мешіттер Шариғаттағы өкіл құрбандығы, яғни біреудің орнына басқа адам өкіл болып, құрбан шалу қағидасына сүйене отырып қашықтан құрбан шалуды ұйымдастырады. Былтырғы тәжірибеге сүйене отырып, Бас муфти бастамасымен карантин талаптарын ескере отырып, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында құрбан шалу шарасын өткізу үшін Құрбан-2021 атты онлайн қайырымдылық акциясы қолға алынды. Ол үшін арнайы Kurban2021.kz сайты қайта іске қосылды",-деді қаланың бас имамы.

Алматы өкілдігі бойынша қашықтан құрбан шалу ісін үйлестіретін арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар тапсырыс алудан бастап, мал сою, видео есеп жолдау, етті мұқтаж жандарға тарату сынды жұмыстарды жүргізеді.

"Сайт арқылы құрбандыққа тапсырыс беру 15 шілдеден бастап 22 шілде сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Пандемияға байланысты қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берушілерге құрбан еті берілмейді, ол түгелдей мұқтаж жандарға табысталады", – дейді Алматының бас имамы.

 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: