«Әйелім менен кетіп, орысқа тұрмысқа шықты»: Қызылордалық жалғызбасты әке балаларын қалай тәрбиелеп отырғанын айтып берді

jelim menen ketip orysқa tұrmysқa shyқty Қyzylordalyқ zhalғyzbasty әke balalaryn қalaj tәrbielep otyrғanyn ajtyp berdi aa6cad3

Қызылорда облысының 34 жастағы Нұрбол есімді азамат екі баласын жалғыз өзі асырап отыр. Балаларының анасы осыдан 4-5 жыл бұрын отбасын тастап, бөгде азаматпен қол ұстасып кетіп қалған. Бүгінде жалғызбасты әке тамақ жасап, кір жууды үйреніп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әйелім менен кетіп, орысқа тұрмысқа шықты": Қызылордалық жалғызбасты әке балаларын қалай тәрбиелеп отырғанын айтып берді

Нұрбол ауылда туып, ауылда өскен азамат. Бала кезінен ата-анасына жәрдем беруді үйреніп, малды баптауды жақсы меңгерген. Мектеп бітіргеннен кейін осы кәсіпті қолға алып, ауыл шаруашылығын дамытуға ерте араласқанын айтады. Қатарластарының арасында ерте үйленгендердің бірі. Тұңғышы 20 жасында дүниеге келіп, әке атану бақытын бұйыртқан екен. 

"Әйелімнің есімі – Әлия болатын. Екеуміз бір ауылданбыз. Ата-анам қарт кісілер болғандықтан, қолдарында келін болғанын қаладым. Анама үй шаруасына көмектесетін адам керек болды. Отау құрғаннан кейін келіншегімнің аяғы ауырлады. Жас болсам да, балалы болғым келетін. Үйімізде кішкентай сәбидің күлкісі естілгенін қалаған едім. Тұңғышым қыз бала болды. Есімін әкем Аружан деп қойды", – дейді азамат. 

Нұрбол қызының ерекше қылықты, сүйкімді болғанын айтады. Алайда келіншегінің тұңғышына деген сүйіспеншілігі болмағанын жасырмайды. Сәбиін екі-үш ай ғана емізіп, әжесінің қарауына берген. Екіншісінде ұл бала босанып, оны да үлкендердің тәрбиесіне қалдыруды жөн көрген. 

"Әлия балаларымызды еркелетіп, басынан сипағанын көрген емеспін. Аналық мейірімін төкпейтін. Арасында ұрыс-жанжал болған кезде, жүрегің тас деп айтатынмын. Келіншегім көбіне қаладағы туыстарының үйін жағалап, қыдырғанды жақсы көретін. Отбасылық жағдайларға басы ауырмайтын еді", – дейді Нұрбол. 

Отбасы қалаға көшіп келгеннен кейін жас келіншектің мінезі тіпті өзгеріп кетіпті. Орталықтағы дәмханалардың біріне жұмысқа орналасып, қызу тірлікке кірісіп кеткен. Үйге кеш қайтып, жанұясына көңіл бөлуді қойған екен. Нұрболдың айтуынша, ол бірнеше мәрте әйелін жұмысынан шығарып алмақ болған. Алайда Әлия күйеуіне бағынуды қойып, қарсы лық білдірген. 

"Арамызда жанжал көбейіп кетті. Балаларымыз қараусыз қалғандай болды. Мен де жұмыс жасап жүрдім. Тіпті, ауылға қайтып оралғым келді, бірақ Әлия көнбеді. Бір күні қатты ұрысып қалдық. Келіншегім өзінің заттарын алып, үйден кетіп қалды. Балаларды маған қалдыратынын айтты. Тіпті қызымыз бен ұлымызға қараған да жоқ. Кейін әйелімнің өзге бір еркекпен тұрып жатқанын білдім. Дереу арыз тастап, заң жүзінде ажырасып кеттім", – деп ағынан жарылды қызылордалық азамат. 

Бүгінде Нұрболдың жалғызбасты әке атанып, екі баласын өзі тәрбиелеп отырғанына бес жылдай уақыт болған. Осы уақыт арасында азамат кір жуып, тамақ жасап және үй жинауды меңгеріп алған. Балалары ауыра қалса қандай дәрілер беру керек екенін де жақсы біледі. Арасында анасы көмек беріп, шаруашылықты жүргізуге жәрдемдеседі. 

"Қазір Аружан да бойжетіп келе жатыр. Үйдің кейбір тіршілігін өзі жасай алады. Ұлым да есейіп келеді. Олар ештеңе айтпаса да, барлығын іштей түсінеді. Анасының кетіп қалғаны қызыма қатты әсер етті. Біраз уақытқа дейін жылап жүрді. Ұлым анасы туралы мүлдем білгісі келмейді. Жақын жанынан көңілі қалғанын білемін, қолымнан келгенше аналарының орнын басуға тырысып жүрмін", – деді Нұрбол. 

Нұрбол ажырасқаннан кейін, жақын туыстары екінші рет үйлендіргілері келіпті. Бірақ азамаит үйде бөтен адамның болғанын, балаларының өгей шешелерімен тұрғанын қаламаған. Қазір қызылордалық азамат құрылыста жұмыс жасайды. Тапқан табысы бала-шағасының шығынына жетіп отыр. Арасында ауылдағы ағайындар көмек беруден қашпайды. 

"Әрине, әйеліме ренжимін. Қазір ұлты орыс жігітпен тұрып жатыр екен. Ортақ балалары бар. Менен неге кетіп қалғанын әлі түсіне алар емеспін. Ең болмаса, балалары үшін қалуы керек еді ғой. Бес жылдан бері бір рет те іздеп, сағынып келген жоқ. Балаларымды аяймын, аналық махаббаты сезіне алмады", – деп қорытындылады Нұрбол. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: