Қазақстанға AstraZeneca вакцинасын алып келу үшін келіссөздер жүргізілуде

Қазақстанда AstraZeneca вакцинасының өндірушілерімен келіссөздер қайта жүргізіле бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстанға AstraZeneca вакцинасын алып келу үшін келіссөздер жүргізілуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні COVID-19-ға қарсы вакциналардың шетелдік өндірушілерімен келіссөздер жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда.

"Қазақстандықтарды Pfizer, AstraZeneca, Moderna және Johnson & Johnson препараттарымен вакцинациялауға бюджеттік қаражат бөлу мәселесі осы вакциналарды елге жеткізу туралы келісімге келгеннен кейін қаралады", — деді министрлік өкілдері.

Айта кетсек, қазіргі таңда бұл вакциналарды ДДСҰ мойындаған, аталған екпе түрлерін алған туристер кейбір мемлекеттерге емін-еркін саяхаттай алады. Ал Қазақстандағы Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары Еуроодақ елдері мен АҚШ-та бекітілмеген. 

Еске салсақ, бұған дейін "СК-Фармация" кеңесінің төрағасы Ерхат Есқалиев Қазақстан AstraZeneca вакцинасын сатып алмайды деген еді. 

  • Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Pfizer вакцинасы қашан келетінін айтты
  • Ғалымдар екі вакцинаны араластырып салғызу әлдеқайда тиімдірек екенін жариялады

Источник stan.kz