Алматы облысында сел жүріп өтті

almaty oblysynda sel zhүrip өtti 2e0c962

Алматы облысының Кербұлақ ауданында жаңбыр салдарынан қатты сел жүрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысында сел жүріп өтті

Селдің видеосы әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Желідегі ақпарат бойынша, селдің салдарынан Көксу кенішіне баратын жол жабылып қалған. 

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті 14 шілдеде сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде сел болғанын хабарлады. 

“Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты, Көксу орман шаруашылығының 1 кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар басқармасы.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: