Димаш Құдайберген «Славян базары» жайлы: Қазақстандық қатысушыны қолдаймын

Беларусьтың Витебск қаласында танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергенмен "Жұлдызды сағат" атты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш Құдайберген "Славян базары" жайлы: Қазақстандық қатысушыны қолдаймын

Айта кетсек, 2015 жылы байқаудың бас жүлдесіне ие болған әнші бұл жолы Беларуське қазылар алқасының мүшесі ретінде келді.

Фестивальде кімге жанкүйер боласыз деген сұраққа әртіс өз елінің патриоты ретінде Қазақстаннан келген қатысушыны қолдайтынын ашық айтты. Бірақ бұл оның тарапынан қандай да бір жеңілдіктер болады дегенді білдірмейді.

“Славян базары " — елдер мен менталитеттер арасындағы барлық шекаралар жабылатын, барлық адамдар музыка тілінде сөйлесетін алаң. Менің өзіме қатысушы ретінде қатысқаннан әлдеқайда үлкен жауапкершілік артылып отыр", — дейді әнші. 

  • "Диктаторды қолдамаңыздар": Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген Беларусь еліндегі бойкотқа шақырушыларға қарамастан өнер көрсетеді
  • Қайрат Әділгерей: Димаштың әні Қазақстанда ешкімге керек емес

Димаш байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, бірінші кезекте олардың таңдап алған әндерін қалай орындайтынына назар аударатынын атап өтті. Әнші техникалық тұрғыдан күрделі әнді таңдаған дұрыс екенін, бірақ оны 100 пайызға орындау керектігін айтты. 

Сондай-ақ, ол жарты жылдан кейін үлкен стадионда жаңа бағдарламамен концер өткізу жоспарында барын айтты. Бірақ өтетін күні мен орны кейінірек белгілі болады. 

Источник stan.kz