Ләйлә Сұлтанқызы өлім аузынан қалды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «арғы өмірге» барып келгенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші Instagram желісінде есінен танып, жансақтау бөлімінен біра-ақ шыққан кезі туралы айтты. Бұл жайт Сұлтанқызының басынан 10 жыл бұрын өткен екен.

«Негізі мен «арғы өмірге» бір рет барып келгенмін. Бірақ қап-қара туннельді де, жайқалған жасыл ағашты да көрген жоқпын. Оқиға былай болды: осыдан шамамен 10 жыл бұрын таңертең тұрғаным сол, бір-екі қадам жасай сала талып қалғаным бар.

Жедел жәрдем келем дегенше, үйдегілер менімен қоштаса бастаған ғой. Есімді жисам, жан сақтау бөліміндемін…», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

«Шүкір, бастысы артынан бәрі реттелді» деген тележүргізуші әңгімесін осы жерден үзген.

Бүгінгі жаңалықтар