Құрбан Айт қарсаңында Алматыда бекеттер орнатылады

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 шілдедегі "Алматы қаласының аумағында "Құрбан айт" мерекесі күндері коронавирустық инфекцияны таратуға ықпал ететін бұқаралық іс-шаралар шектеу туралы" қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құрбан Айт қарсаңында Алматыда бекеттер орнатылады

Құжатқа сәйкес, аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, ұйымдар мен мекеме басшыларына, Алматы қаласы дін басқармасына ,ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Алматы қаласкомитетінің бойынша аумақтық инспекциясына, Алматы қаласы орталық мешітнің бас имамына "Құрбан айт" мерекесі кезінде 20 шілдеден 23 шілдеге дейін:

Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуы сипатында іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

БАҚ, әлеуметтік желілер және тағы басқа да құралдар арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халыққа түсіндірі жұмыстары жүргізілсін;

Алматы қаласының аумағында 19-22 шілде аралығында мал сою орындары мен базарлардың жұмысына, сондай-ақ союға тыйым салынады;

Сондай-ақ, қаулыда 16-22 шілде аралығында Алматыға кіре берісте қалаға жануарларды әкелуге жол бермеу үшін бекеттер қойылады.

Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер бере отырып, құрбандық шалуға рұқсат беріледі.

Мұқтаж адамдарға тарату кезінде қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген адамдарды тарта отырып тез бұзылатын өнімдерді тасмалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;

Халыққа Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру бойынша call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру;

Жауапты мекемелер мен мобильді топтардың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуын бақылау. 

Источник stan.kz