Алматыда “қара” тізімге іліккендердің мәселесін шешпек болған алаяқ тұрғындарды сан соқтырып кетті

almatyda қara tizimge ilikkenderdiң mәselesin sheshpek bolғan alajaқ tұrғyndardy san soқtyryp ketti bf15ca9

Алматыда 30 жастағы ер адам несие тарихы “қара” тізімге іліккен азаматтардың мәселесін шешемін деп алдап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда “қара” тізімге іліккендердің мәселесін шешпек болған алаяқ тұрғындарды сан соқтырып кетті

Алматы қалалық полиция департаменті Қазақстанның бүкіл аумағында оннан астам жәбірленуші алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінгенін хабарлады. 

А. есімді жігіт несие тарихы нашар адамдарға бұл мәселені "шешіп беруді" ұсынған.

Ол өзінің жұмысы үшін қомақты сома сұраған. Оған сенгендер ақшасын төлеп, “қызметін пайдаланған”. Алайда тапсырыс бергендердің күтуден басқа амалы болмаған.

Қаражатты алғаннан кейін ер адам белгісіз бағытта жасырынған. Қолындағы қаражатты өз қажетіне пайдаланып жүре берген.

"Жедел іздестіру барысында 30 жастағы Алматы облысының тумасы ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты 10 алаяқтық фактісі дәлелденді. Сонымен қатар жәбірленушілер тек Алматыдан ғана емес, Қазақстанның басқа да қалаларынан жүгінді. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 190-бап бойынша тіркелді", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Полицейлер алданған адамның көп екеніне сенімді.

"Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауыңызды сұраймыз. Осы ер адамның әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-771-1371; 8-705-555-7763, – деді Есен Ысқақов.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: