Атырау облысында болған жол апатынан жолаушы тірідей жанып кетті

Қайғылы оқиға өткен сәрсенбіде, 14 шілде күні Атырау-Астрахань тас жолында болған. Екі автокөліктің соқтығысуынан бір көлік өртке оранып, әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz Ак Жайык сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысында болған жол апатынан жолаушы тірідей жанып кетті

Сәрсенбі, 14 шілдеде түстен кейін 1996 жылы туған жүргізуші басқарған Toyota Ipsum және 1957 жылы туған ер адам тізгіндеген Toyota Highlander соқтығысты. 

Соққының салдарынан Toyota Ipsum минивены өртеніп кетті. Кабинадан шыға алмай ішінде қалып қойған әйел өрттен қаза тапты.

Сондай-ақ, апаттан бес адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. 

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (жүргізушінің жол ережесін бұзуы, соның салдарынан адам өлімінің орын алуы).  

Источник stan.kz