«Жарық пен су жоқ»: Алматы облысындағы ауылдың тұрғындары наразылыққа шықты

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жармұхамет ауылының тұрғындары су мен жарықсыз отырмыз деп наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жарық пен су жоқ": Алматы облысындағы ауылдың тұрғындары наразылыққа шықты

Су мен жарықтың жоқтығына наразы топ, жолды жауып, жергілікті биліктің назарын аудартпақ болған. Олар жарықтың үнемі сөніп қалатынын, нәтижесінде судың да тоқтайтынын айтып шағымданды. 

Мәселеге қатысты Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары түсініктеме берді. Қазір тұрғындардың мәселесі шешіліп жатыр. Аладғы уақытта тұрғындар толыққанды жарықпен қамтамасыз етілетін болады. 

"Үйсіздер үйір болған жер": Алматы тұрғындары жаппай төбелес ұйымдастырған

“Тұрғындармен бірге аудан әкімдігіне бардық. Тұрғындар аудан әкімінің орынбасарына мәселенің мән-жайын толығымен жеткізді. Халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ертең жарық пен суға жауапты мамандар келіп, тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Судың болмауының себебі жарықтың жиі өшуімен тығыз байланысты. Қазіргі таңда жарық беру мәселесі қарастырылып жатыр. Жарық беруге жауапты РЭТ мамандары келіп, жарықты қалпына келтіретін болады”, – дейді Елтай ауылдық округі әкімінің орынасары Белғожаев Біржан Боранбайұлы. 

Источник stan.kz