Түркістаннан Қазақстанның 11 қаласына әуе рейстері ашылады

tүrkistannan Қazaқstannyң 11 қalasyna әue rejsteri ashylady d7dad87

 Түркістан қаласынан Қазақстанның 11 қаласына рейстар ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістаннан Қазақстанның 11 қаласына әуе рейстері ашылады

"Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарға конкурс өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді "SCAT" және "Qazaq Air" әуе компаниялары "CRJ2", "B-737", "Q400" әуе кемелерімен орындайтын болады", – делінген хабарламада.

Алғашқы рейстердің басталуы ағымдағы жылдың 15 шілдесіне жоспарланған, осы бағыттар бойынша билеттердің құны 16-25 мың теңгені құрайды.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: